Назад к списку

ҚОС ҚАНАТТЫ АҚЫН - ШӨМІШБАЙ САРИЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗАЛЫНЫҢ АШЫЛУЫ МЕН «ЖҮРЕГІМ - ҚАЗАҚ ЕЛІ» АТТЫ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ



2021 жылдың 17 қарашасында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қос қанатты ақын - Шөмішбай Сариев атындағы шығармашылық залының ашылуы мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариевтің «Жүрегім-Қазақ елі» кітабының тұсаукесері өтті.




Егеменді еліміздің ән өнерін шырқау биігіне жеткізген ақын, әрі зерттеуші ғалым, аудармашы, танымал қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Шөмішбай Сариевтің шығармашылығын және ән мұрасын насихаттау болды. 



Сариев Шөмішбай Нағашыбайұлы – бірінші дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері, Франц Кафка атындағы Халықаралық Алтын Медаль сыйлығының, «Жыл Адамы – Алтын Адам» сыйлығының, «Платина Тарлан» сыйлығының лауреаттары, екі дүркін «Елім менің» атты Президент бәйгесінің бас жүлдесінің (Гран при) иегері, "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты. Шөмішбай ақынның алғашқы жырлары 1974 жылы абыз ақынымыз Әбділда Тәжібаевтың алғы сөзімен "Қанат қақты" жыр жинағына шықты. Жинаққа тағы да басқа жас ақындардың өлеңдері енген. Ақынның шығармашылық қоржынында 300-ден астам өлеңі мен 32 кітабы бар. Шығармалары орыс, украина, қырғыз, өзбек, тәжік, румын, чех, үнді, француз тілдеріне аударып жарияланған. Ақынның лирикалық жырлары мен ән өлеңдері көптеген қазақ композиторларының шығармашылығына арқау болып, халықтың көңілінен шыққан әндері Қазақстаннан тыс жерлерде де орындалуда.Талантты ақынның сөздерінде шынайылық, тереңдік және отанға деген махаббат көпке танымал әндері: «Айналдым сенен, Атамекен-ай; «Сәлем саған туған ел»; «Домбыра»; «Ойлан балам»; «Сарыарқа»; «Дос керек»; «Анаға хат»; «Боз жорға»; «Қарағым-ай» әндерімен халық жүрегіне жетуде.





Шөмішбай Сариевтің «Жүрегім – Қазақ елі» атты жаңа жыр жинағы биыл «Атамұра» баспасынан жарық көрді. Жинаққа ұлтымыздың тәуелсіздігін ұлықтайтын, ұрпағымызды ұлтты сүюге, ұлттық патриотизмге ұмтылдыратын дүниелері топтастырылған.



Аталған іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова; жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, мемлекеттік және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, Мырзатай Жолдасбеков; ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет; жазушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Уәлихан Қалижан; ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тұрғынбеков; ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айт; жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Тұрсын Жұртбай; журналист, сықақшы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көпен Әмірбек; композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жоламан Тұрсынбаев; ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия ұлттық университетінің доценті Оңайгүл Тұржан; ақын, аудармашы, драматург, филология ғылымдарының кандидаты Маржан Ершу; ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық бөлімшесінің төрағасы Дәулеткерей Қәпұлы; әнші, музыкалық продюсер, музыкалық педагог, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова; мемлекет және қоғам қайраткері, актер, эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев; қазақ театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсынов және т.б.қатысты.