Назад к списку

Елордада ақын Шөмішбай Сариевті еске алу кеші өтті

2022 жылдың 15 сәуір күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтың туған күніне арналған «Қазағымның жаныменен жыр жаздым...» атты әдеби - музыкалық кеші Қос қанатты ақын - Шөмішбай Сариев атындағы шығармашылық залында өтті. 



Әдеби - музыкалық кешінде ақын, қазақ әдебиетіне және эстрадасына өз үлесін қосып келген, өзіндік орны бөлек, талай әндердің авторы ақын Шөмішбай Сариевты еске алып, және өлендері мен әндері орындалды. Іс-шараға: жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, мемлекеттік және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижан; жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Тұрсын Жұртбай; журналист, сықақшы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көпен Әмірбек; әнші, өнертану кандидаты ,ҚР Мәдениет қайраткері Елмұра Жаңабергенова, жас әншілер:Айна Қалмағамбетова, Жақсыкелді Маясаров, термеші Нұрайым Ерталап; жас актерлар Азат Мыңбаев, Ернар Мұхамбет және № 38 мектеп-лицейдың оқушылары, Шөмішбай ағамыздың жары Сариева Жұмагүл, отбасы қатысты.  https://www.facebook.com/ntekesbayeva